Current problems of development of entrepreneurial activity in agriculture of the Republic of Kazakhstan

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52260/2304-7216.2022.2(47).25
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері қарастырылған. Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті зерттеумен айналысатын ғалымдар өз еңбектерінде агробизнестің қауіп-қатері мен тұрақсыздығын, әртүрлі меншік нысандарының болуын, жермен байланысты өндірістік үдерістің ерекшелігін, сонымен бірге инновациялық кәсіпкерлікті енгізу қажеттілігін атап көрсеткен.Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығының ағымдағы жай-күйін талдау барысында кәсіпкерлік қызметтің дамуына кедергі келтіретін негізгі мәселелер ашылды: ауыл шаруашылығы шикізатының экспорттағы жоғары үлесінің болуы; агроөнеркәсіптік кешендегі өндірістің технологиялық артта қалуы; ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу жөніндегі үйлестірілмеген жұмыстың болуы; жеке қосалқы шаруашылықтар үшін субсидияларға қойылатын талаптардың жоғары деңгейде болуы; екінші деңгейдегі банктерде несиелер бойынша жоғары мөлшерлемелер;ауылдық аумақтардағы инфрақұрылымның дамымауы. Мақала авторлары ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұсыныстар берген: жеке қосалқы шаруашылықтарға мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігін мен ашықтығын қамтамасыз ету; кәсіпкерлік қызметтің ауыл шаруашылығына жатпайтын түрлерін дамыту бағдарламаларын әзірлеу; ауыл өнімдерін өндіруге инновациялық технологияларды енгізетін фермерлерге жеңілдетілген несие беруді енгізу; шалғайдағы ауылдық аумақтардан ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге байланысты фермерлердің логистикалық және көліктік шығындарын субсидиялауды көздеу. The article considers the peculiarities of the organization of entrepreneurial activity in agriculture of the Republic of Kazakhstan. Scientists engaged in the study of entrepreneurship in agriculture note the riskiness and instability of agribusiness, the presence of various forms of ownership, the specifics of the production process associated with land, as well as the need to introduce innovative entrepreneurship.Analysis of the current state of agriculture of the Republic of Kazakhstan has shown that the main problems hindering the development of entrepreneurship include: a high share of agricultural raw materials in exports; technological backwardness of production in the agro-industrial complex; uncoordinated work on the sale of agricultural products; excessive requirements for subsidies for personal subsidiary farms; high rates on loans from second-tier banks; underdevelopment of rural infrastructure.The authors of the article provide some recommendations for the development of entrepreneurship in agriculture: to ensure the availability and transparency of state support to personal subsidiary farms; to develop programs for the development of non-agricultural types of entrepreneurship; to introduce preferential lending for farmers introducing innovative technologies in the production of rural products; to provide subsidies for logistics and transport costs of farmers associated with the supply of agricultural products from remote rural areas.