Аңдатпа
Игерілген құнды басқару (EVM) – жобалардың мерзімі мен құнының тиімділігін бағалау үшінқолданылатын әдіс.Бұл ғылыми жұмыс зерттелетін аумақта ғылыми-метриялық талдау жүргізу арқылы EVMсаласындағы академиялық білімнің ілгерілеуін зерттейді және осы бағыттағы ғылыми еңбектердіңерекшеліктері мен трендтеріне шолу жасауды мақсат етеді. Зерттеу әдістемесі келесідей төрткезеңнен тұрады: іздеу, бағалау, синтез және талдау. CiteSpace® және VOSViewer® бағдарламалықжасақтамалары ғылымиометриялық карталарды құру және визуализациялау үшін пайдаланылды.Зерттеу нәтижелері соңғы онжылдықта EVM әдебиеті айтарлықтай байытылғанын жәнетанымал бола бастағанын көрсетеді. Сонымен қатар қазіргі таңда осы саладағы зерттеулердіңбасым көпшілігі қарапайым EVM қолданбаларынан белгісіздік жағдайында жоба мерзімі меноның құнын болжау үшін кеңейтілген үлгілерді ұсынатын зерттеулерге ауысқанын көрсетеді.Жұмыста зерттеу тақырыбына сай әдебиеттерден алынған негізгі қорытындылар жинақталып,талқыланды және осы саладағы болашақ зерттеулердің перспективалы бағыттары белгіленді.Зерттеу нәтижелері жоба менеджерлеріне EVM әдісі арқылы жобаларын басқару туралы қажеттіақпаратты алу үшін пайдалы болады. Сонымен қатар зерттеу жүргізу үшін осы саладағы өзектітақырыптар мен мәселелерді айқындауға мүмкіндік береді.Түйін сөздер: ғылыми-метрия, жобаны басқару, жоба мониторингі, игерілген құндыбасқару.