Аңдатпа
Осы мақалада студенттердің (дене шынықтыру және спорт мамандарына қатысты) ішкі интеллектуалды әлеуетінің орны туралы айтылған. Сонымен бірге студенттердің (дене шынықтыру және спорт мамандарына қатысты) ішкі интеллектуалды әлеуетін арттырудың әдіснамалық негізі қарастырылады. Жеке мүмкіндік тек «стохастикалық парадигмамен» анықталатынын ескеріп, үш: стохастикалық, эмпирикалық, алгоритмдік парадигмалардың сабақтастығын тұтас алынғаны бағамдалған. Зерттеу барысында «онтология», «аксиология», «гносеология» ұғымдары дене шынықтыру пәнінде қолданылуы жайлы зерттеу еңбектерінде тапшылығы аңғарылған. «Онтология», студент өзінің табиғатын зерделеп, өзінің болмысына дене шынықтыру пәнінің, қандай пайда әкелетіні тұрғысынан көмек беретінін байқай алуына бағдарлайтыны туралы жазылған. «Гносеология» студенттердің дене шынықтыру сабағында тағылымдық-қисындық нысаналардың іс-әрекетте қандай құбылысқа, көрініске, үдеріске қатысты дегенге жауап беріп, олардың тағылымды тани алатын дәрежеге жете алатынын аңғартқан. «Аксиология» студенттердің ішікі интеллектуалды әлеуеттерін арттыруда құндылықтар түрлерін ажыратып, өзіне не қажет екенін саралай алу іскерлігін, тәнін билейтін жан азығы білім мен ғылым негізіне жүгініп, жаттығу түрлерін таңдай алу тұжымын орнықтырған.