Аңдатпа
Мақала қазақ тілін шетел тілі ретінде үйретде интренет-ресурстарды тиімді қолдану мәселесіне арналады. Мемлекеттік тілді шетелдік азаматтарға оқытып-үйрету жүйесінде қазіргі кезеңде білім алудың қайнар көзі болып отырған интернет-ресурстардың маңызы айқындалды. Ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен білім сапасын арттырудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияның (бұдан әрі – АКТ) құрамдас маңызды буындарының бірі интернет-ресурстар мазмұны сұрыпталып, олардың мақсат-міндеттері сараланды. Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа технологияларының бірі АКТ-ны, интернет-ресурстарды біртұтас әдістемелік құрал, жүйе ретінде мазмұндық-құрылымдық моделіне сипаттама жасалды. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында мемлекеттік тілді оқытып-үйретуге арналған Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Мемлекеттік тілді дамыту қоры», «Самұрық-қазына» АҚ тәрізді ірі орталықтардың платформалаы мен вебсайттары және бірқатар жеке авторлық веббағдарламалардың мазмұндық-құрылымы сипатталып, әдістемелік маңызды идеялары ұсынылды. Қазіргі кезеңде цифрлық технологияның маңызының артуына байланысты интернет желісін тұтынушылар мобильдік Смарт-технологияларды тиімді қолдана отырып, өмір қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік алды. Осыған орай Google Market арқылы таратылатын мобильді қосымашлардың да түрлеріне талдау жасалды. Қазақ тілін үйренуге байланысты мобильдік қосымшалардың да мазмұны тілді оқытып-үйретудің тиімді құралдары ретіне қарастырылады.