Аңдатпа
Мақалада 2020 жылы Қызылорда облысы жағдайында күріштің зиянкестерінің кең таралуы зерттелген. Соған байланысты облыстағы кездесетін күріш зиянкестерінің түр құрамы мен зақымдау қарқындылығына баға беру шкаласы және де ауыспалы егіс туралы мәліметтер келтірілді. Қазақстанда Қызылорда облысы ірі күріш алқаптарының біріне жатады. Жалпы облыс территориясында вегетация кезінде +10°С-тан жоғары болатын температураның жинағы 3700-4100°С аралығында болады. Оның өсу процесіндегі көптеген өзгерістер ауаның, топырақ пен егістегі судың температурасына байланысты болады. Температура жоғарылаған сайын күріштің өсу қарқыны шапшаңдайды, даму кезеңдерінің арақашықтығы қысқарады, сөйтіп күріштің бүкіл өсіп жетілу мерзімі тездетіле түседі. Сондықтан да жылу қоры белгілі бір жердің күріш егу үшін қаншалықты қолайлы екендігін анықтайды. Ондағы температуралық жағдайларға сүйене отырып, келешектегі күріштің сапасы мен өнімін алдын-ала болжауға да болады. Қызылорда облысында күріш дақылының Маржан, Авангард, Солнечный, Үштөбе және Кубань сорттары кеңінен етек алған. Жыл сайын күріш егіс көлемдері өсуде, ол дақылға тұзды жерлерді қолдануға мәжбүр болады. Күріш алқаптарында су режімді бұзылудан, күріш егісінде жүретін кейбір агротехникалық шаралардың элементтері дұрыс өтпейді, осының нәтижесінен өнім 35-70% төмендейді, ал зиянкестер мен аурулардан келген шығын 15%-дан 30% жетеді. Күріш тұқымын Юнта, к.с. -1,5 л/т және 1,75 л/т (инсектицид) өңдеуішпен өңдеудің әсерінен жаға шыбынның 20 күн өткен соң өлгені 55,6-63,6%, күріш масасына биологиялық тиімділіктер – 57,0-63,0%; бұл көрсеткіштер Рич 350 к.с.- 1,0 л/га (эталон) нұсқасында қарағанда жоғары.