Аңдатпа
Алғаш рет жаздық бидайдың сорттары мен будандарының құрғақшылық пен ыстыққа төзімділіктерін зертханалық және дала жағдайда өсімдіктерінің өсіру барысында өсімдік өнімділігі элементтерінің даму деңгейімен айтарлықтай сәйкес келетіні көрсетілген. Сонымен қатар жаздық бидайдың генотиптері тамыр жүйелері мен жапырақтардың фотосинтетикалық аппаратының эдафиялық стрессіне реакция сипаты бойынша айтарлықтай ерекшеленетіні анықталған. Жаздық бидайдың сорттары мен будандардың құрғақшылық пен ыстыққа төзімділігі деңгейін кешенді (зертханалық және далалық) бағалау нәтижесінде дамудың ерте кезеңдерінде төзімділікті стресс жағдайында жапырақтардың фотосинтетикалық аппараты жұмысының тұрақтылығымен үйлестіретін генотиптер анықталды. Анықталған генотиптер қазіргі уақытта құрғақшылық және ыстыққа төзімді сұрыптарды өсіру бойынша селекциялық жұмыста қолданылады. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу орталығынан алынған әр түрлі экологиялық-географиялық шыққан жаздық бидайдың 5 сорттары мен 15 будандары құрғақшылыққа және ыстыққа төзімділік деңгейіне баға берілді. Сұрыпталып алынған сорттар мен будандар Алматы облысының далалық жағдайында бір жылдық зерттеуден кейін жаздық бидайды іріктеу зертханасымен әр түрлі селекциялық және құнды белгілері бойынша анықталған. Жаздық бидай үшін тәжірибелік жолмен сахароза ерітіндісінің оңтайлы концентрациясы белгіленді, онда тұқымның өнуі және өскіндерден құрғақ массаның жинақталу дәрежесі бойынша үлгілердің ең жақсы дефференциациясы байқалды – 74,45 г/л, бұл 9 атмосфераның осмотикалық қысымына сәйкес келеді.