Аңдатпа
Бұл мақалада студенттердің ішкі интеллектуалды әлеуетін арттыру үдерісінде (дене шынықтыру және спорт мамандарына қатысты) әр адамның жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, орталық жүйке жүйесінің жұмысын игеруге назар аударылатындығы қарастырылады. Жеке мүмкіндік диагностикамен анықталып, ойлау қызметі – «дене-тән» нысанын игеру үдерісінде қайрат-жігер туғызуға қозғаушы күші деп, ғалымдар бұл тұжырымды жан-жақты қарастырып, феноменді тұрғыда зерттеу жүргізгені – бұл жұмыстың басымдығы. Ғалымдардың танымдық деңгейдің жоғарыға бағдар жасай алуы – сол тұлғаның адамға тән бейнелі және коммуникативті сигналдық тәсілдерінің ұдайы даму динамикасына бағынышты екенің дәлелдегені дене тәрбиесіне тікелей қатыстылығына түйіндеме жасалды. Тағылым танымы студенттердің дене шынықтыру сабағында тағылымдық-қисындық нысаналардың іс-әрекетке қандай құбылысқа, көрініске, үдеріске қатысты дегенге жауап беріп, олардың теориялық тұрғыда тани алатын дәрежеге жете алатыны аңғарылды. Зерттеу барысында «онтология», «аксиология», «гносеология» ұғымдары дене шынықтыру пәнінде қолданылуы жайлы зерттеу еңбегінің тапшылығы аңғарылды. Студенттердің (дене шынықтыру және спорт мамандарына қатысты) ішкі интеллектуалды әлеуетін арттырудың педагогикалық шарттары мен анықталған эксперименттің нәтижелері ұсынылған.