КӘСІПКЕРЛІК УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН БІЛІМ БЕРУ ТРАЕКТОРИЯСЫ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/nszl1857
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада университеттердегі кәсіпкерлік білім берудің ерекшеліктері, білім беру траекториясы қарастырылады. Кәсіпкерлік білім беру университеттеріндегі озық модельдердің қалыптасуы мен дамуы,отандық және шетелдік кәсіпкерлік білім беру университеттеріндегі түрлі өзгерістер салыстырылады. Әлемдік пандемияның салдарынан күшейтілген ХХІ ғасырдағы университеттердің қарқынды трансформациясы әлемдік білім беру кеңістігіндегі жоғары білім беруді басқаруда, стратегияда да, миссия мен құндылық бағдарларында да нақты өзгерістерге әкелді. Шетелдердегі, Ресейдегі және Қазақстандағы кәсіпкерлік білім берудің ерекшеліктері айқындалады. Қазақстандағы кәсіпкерлік білім берудің тәжірибесі зерттеліп, салыстыру жүргізіледі. Кәсіпкерлік білім беру түсінігіне, оның маңыздылығына тоқталып, нәтижелеріне талдау жасалады. Сондай-ақ кәсіпкерлік білім берудегі Торайғыров университетінің моделі мен білім беру траекториясынегізделеді. Стартап, жобалық оқытудың негізінде нақты қандай нәтижелерге қол жеткізгендігі қарастырылады. «Торайғыров университеті» КЕАҚ Қазақстанның кәсіпкерлік университеттері қауымдастығына енгендігін және өзін көп салалы университет ретінде ғана емес, кәсіпкерлік типтегі университет ретінде де жариялағанына тоқталады, кәсіпкерлік университетті қалыптастыру кәсіпкерлік білім беруді дамытуды көздейтіндігі туралы айтылады.Стартап-академия шеңберінде студенттік және оқытушылық бизнес-орта қалыптасып, ART-GARAGE жұмыс істейтіндігі, болашақта құрылыс және машина жасау саласындағы IT-мамандар, сәулетшілер мен сарапшылар үшін бір кеңістікте қатар орналасқан бірнеше жобалау компанияларын біріктіруге тиіс коворкингтің құрылғандығы сөз болады.