АҚМОЛА ОБЫЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ ОРТАША МЕРЗІМДЕ ПІСЕТІН СОРТТАРЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.1(112).855
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Ақмола облысы жағдайында әртүрлі экологиялық-географиялық шығу тегі бар жаздық жұмсақ бидай (Triticum aestivum) сорттарының зерттеу нәтижелері ұсынылған. Өнімділік көрсеткіштері және ауруларға төзімділігі бойынша сорттық үлгілерге талдау жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер негізінде өнімділігі бойынша Шортандинская 2017, Таймас және Шортандинская 2014 сорттары, қоныр тат ауруына төзімділігі жағынан Айна мен Таймас сорттары, сабақтық тат ауруына төзімділігі жағынан Таймас сорты алда болды. Келтірілген бидай үлгілері Ақмола облысы жағдайында өсіруге жақсы бейімделген және оларды солтүстік экотипіне сәйкес сұрыптарды алу үшін бастапқы материал ретінде пайдалануға болады. Будандастыру нәтижесінде будандық тұқымдар алынды, олардан тұрақты генотиптерді алу үшін құнды генетикалық материал болып табылады. Зерттеуде жоғары бағаланған сорттар болашақта отандық бидай өнімділігі мен сапасын артырып, өнімді экспорттау көлемін арттырар деп сенемін.