ИМПОРТТАЛҒАН ГОЛШТИН ТҰҚЫМ СИЫРЛАРЫНЫҢ СҮТ ӨНІМІДІЛІГІ ЖӘНЕ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.1(112).923
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ұсынылған мақалада «Камышенка» ЖШС сүтті-тауарлы фермасындағы импортталған және жергілікті голштин тұқымды сиырлардың сүт өнімділігі мен гематологиялық көрсеткіштерінің зерттеу нәтижелері келтірілген. Алынған мәліметтер импортталған сиырлардың өнімділігі жергілікті сиырларға қарағанда жоғары екенін көрсетті. Сонымен қатар, сауын сиырлар сүтінің майлылығы, ақуызы бойынша химиялық құрамына зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижелері импортталған сиырлардың бейімделуі сәтті екенін көрсетеді. Сонымен қатар, импортталған және жергілікті сиырлар қанының гематологиялық құрамын зерттеу нәтижелері келтірілген. Қандағы формальды элементтердің саны физиологиялық нормалардың шегінде болды. Мәселен, импортталған голштин тұқым сиырларының қанындағы эритроциттердің көлемі жергілікті голштин тұқымды сиырларға қарағанда 12,6%-ға жоғары, ал лейкоциттердің, лимфоциттердің саны норманың жоғары шегінде болды және жергілікті сиырлардың лейкоциттері мен лимфоциттерінің санынан сәйкесінше 24,4% және 10% асып түсті, бұл жануарлар ағзасында иммундық қорғаныстың белсендірілуін көрсетеді.