ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНДА DЕLAVAL САУЫН РОБОТТАРЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.1(112).939
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада базалық шаруашылықта автоматтандырылған сауу жүйелерін қолдану бойынша зерттеу нәтижелері көрсетілген. Сиырлардың сүт өнімділігі көптеген факторларға байланысты болып келеді: азықтандыру, күтіп-бағу шарттары, фермада жануарларды пайдалану, сондай-ақ сиырларды сауу әдістері. Дұрыс таңдалған сауу әдісі сүттің белсенді жеткізілуін қамтамасыз етіп, сүт өндірісі үшін оңтайлы жағдайлар жасайды. Қазіргі уақытта "Бердинова А" шаруа қожалығында қолданылатын автоматтандырылған платформалардың көмегімен, сауу жүйелері машинамен сауудың инновациялық әдістерін, ветеринариялық-гигиеналық талаптарды, сондай-ақ сауу процесінің ерекше тәсілдерін өзіне біріктіп отыр. Шаруа қожалығының базасындағы зерттеулер барысында Сorner Machinery ALMM 11 жылжымалы сауын аппараттары мен VMS DeLaval роботтарының көмегімен, симментал тұқымды сиырлардың сүтін сауудың тиімділігін салыстыру барысында, роботпен сауу кезінде, сауын аппараттарын пайдаланумен салыстырғанда сүт өнімділігінің 4,1% артуы, сондай-ақ сүт сапасының көрсеткіштерінің жақсаруы байқалды. .