СИЫРЛАРДА ЭМБРИОНАЛДЫҚ ӨЛІМДІКТІҢ ТАРАЛУЫ, БАЛАУЫ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2022.1(112).849
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Авторлар сиырларда ерте мерзімде буаздықты анықтауға зертханалық ИФТ «Bovine Pregnancy Test Kit» коммерциялық жиынтығынның көмегімен ELx808 (микропланшетті ридер) маркалы иммунноферменттік анализаторды пайдалана отырып қолдан ұрықтандырғаннан кейін 26 тәуліктен бастап қан сары суында pregnancy-associated glycoproteins (PAG) ақзатын өлшеу арқылы балау жасау мүмкіндігін көрсеткен. «Медеу Коммерц» сүт фермасында эмбрионалдық өлімдіктің таралуы 22,22% құрады. Анықталғаны, 26-35 тәулік арасында ИФТ әдісімен және 60-65 тәулік аралығында ректалдық әдіспен балау жасау, сиырларда эмбрионалдық өлімдікті балаудың тиімді тәсілі болып табылады. Өндіріс жағдайында сиырларда эмбрионалдық өлімдіктің алдын алуға, қолдан ұрықтандырғаннан кейін 5 тәулікте, 7 тәулікте бұлшық етке прогестерон гормонының 2,5% майлы ерітіндісін 10,0 мл мөлшерінде пайдалану оң нәтиже береді, бұл әдіс эмбрионалдық өлімдікті 8,24% төмендетеді.