Аңдатпа
Бұл мақалада мұнай және газ кен орындарын игеру кезінде тау жыныстары, мұнай, газ және су арасындағы тепе-теңдік бұзылуына және жыныстардың сілтіленуі, катиондық алмасу, минералдар мен көмірсутектердің тотығуынан өндірілетін шикізаттардың химиялық құрамы өзгеріп, қондырғылардың коррозиялық бұзылуына әкеледі. Ұңғымамен сұйық сутегі сульфидінің және көмірқышқыл газының концентрациясы, жүйедегі жалпы қысым, рН ортаның қышқылдығы, ерігіш тұздардың құрамы мен концентрациясы, температурасы, уақыт, жалпы созылу кернеуі мұнай жабдықтарының коррозиялық бұзылуын анықтайды. Әртүрлі мөлшердегі қабаттық және тұщы сулардың (тұз концентраты) және ортаның қозғалу жылдамдығына (оттегінің түсуі) байланысты коррозия жылдамдығының әсер етуі график түрінде келтірілді. Қос фазалы ортаның коррозияға белсенділігі сутегі көміртекті және компоненентті жүйенің физико-химиялық қасиеттеріне тәуелділігі талдау жүргізу арқылы дәлелденді.