RHENIUM BASED SENSORS

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55452/1998-6688-2021-18-2-12-19
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл әдеби шолу жұмысында рений негізіндегі электрохимиялық сенсорлардың жұмыстары қарастырылды. Рений негізіндегі сенсорлардың зерттеу жұмыстары бір-бірімен салыстырылып, кесте құрылды.Электрохимиялық және биологиялық сенсорлар дайындау үшін рений негізіндегі жұмысшы электродтардың синтезделу жолдары анықталды. Рений негізіндегі сенсорларды синтездеу үшін термиялық, микротолқынды термиялық тотығу, ультрадыбыс, магнетронды бүрку, биэкспоненциалды ыдырау әдістері кеңінен қолданылғандығы анықталды. Рений негізіндегі сенсорлардың таңдалынған аналитке қатысты анықтау шегі, сызықтық диапазоны, жауап беру уақыты, сезімталдығы, т.б. негізгі параметрлері салыстырылды. Қарастырылған ғылыми еңбектер нәтижесінде рений негізіндегі сенсорлардағы ренийдің маңызды элемент ретінде таңдалыну себебі жоғары сезімталдыққа, жоғары балқу температурасына (3000 oС-тан жоғары), жылдам реакцияға және төмен шығындарға ие болғандығы деп болжанды. Рений негізіндегі сенсорлардың хош иісті органикалық қосылыстарды, гистаминді, ДНҚ-ны, оттегіні, иондарды, карциноэмбрионалды антигенді, күн сарысын, жылу ағынын және ісік биомаркерін анықтау үшін қолданылғандығы анықталды. Бұл жұмыс рений негізіндегі электрохимиялық сенсорлар туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қазіргі аспектілері туралы жалпылама ақпарат береді.