Аңдатпа
Қазіргі уақытта бейнелерді өңдеу – деректерді өңдеудің ең жылдам дамып келе жатқан салаларының бірі. Бейнелерді сандық өңдеу және көрнекі бейнелерді тану есептерінің өзгеру алго- ритмі ұсынылылады. Сандық бейнелерді өңдеудің маңызды міндеттерінің бірі бейненің бұрыштық нүктелерін анықтау алгоритмін жасау, өйткені оны таңдау әртүрлі тапсырмаларды шешудің негізгі кезеңі болып табылады. Сондықтан бейненің бұрыштық нүктелерін табу алгоритмін жасау ғылыми және практикалық тұрғыдан өзекті. Жылжымалы фрагменттерді немесе терезелерді дәстүрлі әдісте қолдану үшін бейнелердегі бұрыштарды бөлудің жаңа маскалары қарастырылған.