ШЫҒЫС РИМ ИМПЕРИЯСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ КҮРЕС ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ЖАҒДАЙЫ (IV-VII ҒҒ)

2022

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52013/2524-0935-65-2-3
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Әлем тарихында IV-VII ғасырларда Еуразия даласындағы Халықтардың Ұлы қоныс аудару процесі мен осы кезеңде Еуропада өмір сүрген мемлекеттердің саяси тарихы ерекше орынға ие. Бұл процесс дүние жүзі тарихында көптеген мемлекеттер мен халықтардың, ұлттар мен ұлыстардың тарихына үлкен өзгерістер әкелді. Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңінде шығыстан батысқа қарай жылжыған халықтар мен жергілікті тайпалар Шығыс Рим (Византия) империясының территориясына қоныстанып, осында өз тіршілігін жалғастырды. Сырттан көшіп келген варвар тайпалары Византия территориясына жорықтар ұйымдастырып, онда империя жерінен өздеріне орын талап етті. Көптеген соғыстар ұйымдастырылды. Империяның басты сыртқы жаулары саналып, оған түрлі саяси және әлеуметтік-экономикалық талаптар қойған тайпалар ғұндар, готтар, славяндар, аварлар және сыртқы саясатта басты қарсылас болған парсылар империяның ішкі саяси өміріне ерекше әсер етті. Мақалада, адамзат тарихында аса ірі тарихи процестердің бірі болып табылатын IV-VII ғасырлардағы Халықтардың Ұлы қоныс аудару кезеңіндегі Византия империясының әлеуметтік саяси жағдайы жан-жақты қарастырылады. Сонымен қатар, Шығыс Рим империясының Батыс Рим империясымен, Халықтардың Ұлы қоныс аударуына негіз қалаған Еуразияның далалық тайпаларымен, тайпалық одақтармен жәнеосы кезеңде өмір сүрген Шығыс мемлекеттерімен саяси байланыстары ғылыми талдауға түседі.