БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІНДЕ ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ (FAMILY AND SCHOOL INTERACTION IN THE PROCESS OF EDUCATION OF PRIMARY SCHOOL STUDENTS)

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2021.v62.i3.05
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі отбасылар сапалы жаңа және қайшылықты әлеуметтік жағдайда дамуда. Бір жағынан, қоғамның отбасы проблемалары мен қажеттіліктеріне бет бұруы байқалады, бала тәрбиесіндегі оның маңыздылығын нығайту және арттыру үшін кешенді мақсатты бағдарламалар жасалып, жүзеге асырылады. Екінші жағынан, отбасылық проблемалардың шиеленісуіне әкелетін процестер байқалады. Бұл, ең алдымен, көптеген отбасылардың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, балалардың психикасына теріс әсер ететін ажырасулар санының өсуі, толық емес және бір балалы отбасылар санының көбеюі. Демек, қазіргі қиын жағдайда отбасына мектеп тарапынан жүйелі және білікті көмек қажет. Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеттесу үрдісінде ғана оқушының жеке басын дамыту мәселесін сәтті шешуге болады. Қазіргі мектептің міндеті – отбасында адамға деген қызығушылықты сақтау және дамыту. Тәрбиешілер ата-аналарға баланың табиғи келбетін көруге көмектесуі керек. Оның дамуын байқауға үйрету. Ағымдағы өзгерістердің заңдылықтарын түсіну. Осы негізде ғана отбасы мен мектептің оқу мен тәрбие процесінде тиімді өзара әрекеттесуі мүмкін. Бұл мақалада зерттеулерге талдау жасалынып, оқушыларды тәрбиелеу бойынша отбасы мен мектептің бірлескен жұмысының негізгі мәселелері, проблемалары айқындалды, осы өзара байланыстың мақсаттары, міндеттері, мүмкіндіктері, бағыттары, педагогикалық шарттары, мазмұны мен нысандары анықталды