Аңдатпа
Мақалада диалог екі не одан да көп адамның арасындағы тіл арқылы жасалатын қатысым үрдісі бола алатындығы, оның ауызша сөйлесу, ауызекі тіл тұрғысынан өзіндік белгілері және түрлері бар екендігі айтылады. Ауызекі сөйлеу тілінің айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой стильдің өзіне тән, оған қажетті сөздерімен жүйеленіп, бір жақты баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады, сөйлеу тілінің жазба тілден өзгешелігі сөйлеу тілінің ауызша формада жүзеге асып отыратындығы мақалада мысалдар арқылы нақтыланады. Жалпы және қазақ тіл біліміндегі диалогтің зерттелімі мен құрылымдық типтеріне, мағыналық жіктелісі мен коммуникативтік ерекшеліктеріне назар аудара отырып, диалог теориясының лингвистикалық қыры сараланады. Зерттеу жұмысына диалогтік қатынасқа жақсы түсе білетін жоғары сынып (8-11 сынып) оқушыларының диалогы мақсатты түрде негіз етіп алынды. Жоғары сынып оқушыларының диалог құруда өзіндік ерекшеліктері, қоғамда болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларды талқылауда, әлеуметтік желілердің орасан жетістіктерін пайдалануда белсендігі екендігі диалогтары арқылы дәлелденеді. Олардың диалог құруда таным ынтасының жоғары болуы, ұғымдар мен заңдылықтарды диалогтарында сөз ете алуы, қарым-қатынас жасауға ықыластылығы, өзінше әрекет жасап, шешім қабылдау іскерлігі, өмірде болған оқиғаларға деген өзіндік көзқарасы, талдауы, бағалауы тілдесім әрекетінің ерекшелігі болатындығы айтылады. Сонымен қатар, оқушылар диалогінің лексикалық және синтаксистік ерекшеліктері үнтаспа арқылы жазылып алынған мысалдар негізінде талданады. Оқушылар диалогінің басым бөлігін құрайтын жаргон сөздердің қолданысы анықталады. Түйін сөздер: диалог, ауызекі сөйлеу тілі, тіл мәдениеті, мектеп оқушылары, жаргон сөздер, диалогтік қатынас, лексикалық ерекшеліктер