АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ӨСІРІЛЕТІН ЗААНЕН ЕШКІЛЕРІНІҢ СҮТ ӨНІМДІЛІГІНЕ АЗЫҚТАНДЫРУДЫҢ ӘСЕРІН АНЫҚТАУ

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2021.4(111).740
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Ақмола облысы жағдайында өсірілетін заанен ешкілерінің сүтін өндіруді жетілдіру мақсатында олардың күнделікті шаруашылықта пайдаланған азық түрімен құрамының сүт өнімділігіне әсерін зерттеу бойынша тәжірибе ізденісінің нәтижесі келтірілген. Шаруашылықта қалыптасқан азықтандыру рационы бойынша бақылау тобы және құрамы өзгертілген азықтандыру рационы бойынша тәжірибелік топ құрылып, салыстыру мақсатында екі топқа бөлінген ешкілердің сүт өнімділіктері зерттелді. Алғашқы зерттеу азық құрамы зерттеуінен басталды. Шаруашылықтағы сауын ешкілерін азықтандыру үшін қолданылған жем-шөп түрлерінің құнарлылық дәрежелері нормаға сәйкес келетіні байқалды. Ешкілерді азықтандыру барысында бақылау тобына шаруашылықта қалыптасқан жем-шөптер берілсе, ал тәжірибелік топқа құрамы өзгертілген жаңа рацион құрылып азықтандырылды. Нәтижесінде азықтардың түрі көбейіп азықтандыру рационының құнарлығы да арта түсті. Сүт өнімділігі бақылау тобы бойынша орташа 660 л болса, ал тәжірибелік топтағы ешкілердің сүт өнімділігі 700 л құрады. Тәжірибелік топтағы ешкілердің сүт майлылығы 0,39 % артқаны да байқалды. Ізденіс нәтижесі бойынша ешкілерге азықты артық мөлшерде шығындамай күніне екі уақыт арнайы дайындалған азықтарды беріп, ал түскі уақытта дәнді азықтардың барлық түрін араластырып дайындалған түйіршікті азықтық қоспаны беру арқылы сүт өнімділігін көбейтуге болытыны анықталды.