Аңдатпа
Мақалада біртекті гравитациялық өрістегі параболалық қозғалыстағы дененің траекториясын зерттеуге арналған компьютерлік эксперименттер ұсынылған. Компьютерлік эксперименттер MathCAD қолданбалы пакеті көмегімен іске асқан. Біртекті гравитациялық өрістегі денеге тек ауырлық күші ғана әсер еткен кездегі қозғалысына теориялық талдау жасалды және математикалық әдістер арқылы зерттелді. Дене бұл жағдайда параболалық траекториямен қозғалатыны есептелді.