КҮРКЕТАУЫҚ ЖҰМЫРТҚАСЫН ИНКУБАЦИЯЛАУДА ПАРАТИПИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР МАҢЫЗЫ

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2021.4(111).772
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала авторы өзі жүргізген зерттеулері негізінде күркетауықтың инкубациялық жұмыртқалаpының сыpтқы және ішкі параметрлерін ұрық дамуы және тәуліктік балапан шығымымен бaйлaныстыра отырып қарастыру барысында ішкі генетикалық қасиеттерімен бірге сыртқы эпигенетикалық факторлардан инкубaцияғa дейінгі салмағы, сақталу мерзімі, тығыздығы, форма индексі түріндегі параметрлері әсер ететіні анықталды. Сонымен қатар орташа салмағы 80-90 г балапан шығымы 76,0% , формасының индексі 0,74-0,76 жұмыртқадан 74,6%, 6 тәулік сақталғандардан 77,2%, итығыздық деформациясы 1,071-1,080 г/см3 жұмыртқалардың бұл көрсеткіштері, тиісінше, 73,8% екені анықталды. Сақтау мерзімі 9 тәулік, салмағы 90 г жоғары жұмыртқалардан шыққан әлсіз балапандар саны басқа топтарға қарағанда жоғары болды.