ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

2020

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48371/ismo.2020.42.4.017
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасы дамуы нәтижесінде әлемдік шаруашылық жүйесіне үйлесімді кіріп, сыртқы экономикалық дағдарыстарға қарсы тұруға мүмкіндік алды. Елімізде экономикалық, саяси және әлеуметтік салаларда аса ірі реформалар жүзеге асты. Сондықтан, бүгінгі таңда Қазақстан әлемдік қауымдастықта беделді орын алып отыр. Қазіргі уақытқа дейін мемлекеттің дамуы жолында көп жұмыс атқарылды, көптеген мақсат-мұраттарға қол жеткізілді. Дегенмен, одан әрі даму мақсатында мемлекет алдында әлі де айтарлықтай көп міндеттер тұр.