САТИРАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ИРОНИЯНЫҢ ОРНЫ

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37238/1680-0761.2021.83(3).9
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

САТИРАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ ИРОНИЯНЫҢ ОРНЫАңдатпа.Мақала сатиралық шығармалардағы иронияның орнын пайымдауға арналған.Қазақ әдебиетіндегі көрнекті сатириктердің прозалық шығармаларындағы иронияның қолданылуы А.Тоқмағамбетов, Ш.Смаханұлы, Ү.Уайдин, М.Рәш әңгімелері мен фельетондарының мысалында қарастырылады.Сатиралық шығармалардағы иронияның авторлық баға беру, сыни көзқарасты таныту, қайшылықтарды ашу құралы ретіндегі қызметі нақты мысалдар арқылы талданады.Иронияның авторлық баяндаудағы және кейіпкер сөздеріндегі қолданысы арқылы бағалаушылық, талдаушылық, сыни көзқарасты танытудағы көркемдік қызметін бағалауға талпыныс жасалады.Сонымен қатар, ішкі мәтіндегі ирониялық мағынаның ерекшеліктері аллюзия, перифраза, эмфаза секілді риторикалық тәсілдердің қолданыстары арқылы да сараланады.Мақалада иронияның авторлық көзқарасты білдірудегі қызметі оның сатиралық және юморлық мәтіндердегі қолданыс ерекшеліктерімен сипатталады.Ирониялық мағынаның лингвистикалық түрінен өзге объективті, концептуалдық, ассоциативтік түрлерінің мәтіндік деңгейде көрінетіндігі де пайымдалған. Кілт сөздер: сатиралық шығармалар