PROBLEMS OF TECHNICAL SERVICE AND INNOVATIVE METHODS PERSPECTIVE

2021

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52081/bkaku.2021.v58.i3.079
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында техниканы мезгілсіз тозудан, бұзылудан және тоқтап қалудан сақтау үшін, сол техниканың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тексеру, тазалау, май құю, бекіту, реттеу жұмыстарының жиынтығы, яғни, жоспарлы сақтандыру жүйесі қолданылады. Дегенмен, осы жұмыстардын басқа техника үшін ескерілуі тиіс тағы бір маңызды операция – жөндеуден кейінгі бөлшектерді құрастыру жұмысында осы аталмыш жөндеу жұмысы кезінде құрастырма бірліктерде пайда болған өзгерістерді, ауытқуларды ескере отырып біріктіру. Өйткені кейбір құрастырма бірліктер жөндеуден кейін өзінің бастапқы зауыттық нұсқасынан сәл ауытқуға ұшырауы мүмкін. Азғантай ғана ауытқудың өзі техниканың болашақ жұмысында сенімсіздік тудыруы мүмкін. Соңғы жүргізілген зерттеу жұмыстарының көрсеткіштері бойынша жөндеу кәсіпорындарына келіп түсетін трактор двигательдерінің 60 % - дан көбі жөндеуді қажет етпейді, тек қана негізгі тетіктер мен тораптарды реттеп, қалпына келтіру қажет. Техниканы мезгілсіз бұзылудың алдын алу үшін оның моторлық қорын толық пайдалануды қамтамасыз ететін техникалық күйін, жеке жүйелерінің, тетіктерінің және жағдайын анықтау қажет. Шаруашылықтардың жұмыс уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін техниканы бөлшектемей тексерудің маңызы өте зор. Жұмыс істеп тұрған машиналардың техникалық және экономикалық көрсеткіштерін бөлшектемей үздіксіз тексеру техниканың өнімділігін арттыруға және жұмсалатын шығын мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді. Аталмыш мақалада осы мәселелердің алдын алу, техника жөндеудегі инновациялық әдістерді қолдану мәселесі толыгымен айтылган