Аңдатпа
Мақалада жаһанды жаулаған Covid-19 пандемиясы салдарынан пайда болған күрделі экономикалық жағдай баяндалған: кедейлердің жағдайы нашарлауы аясында байлардың табысының өсуі орын алу мүмкіндігі аталды. Экономиканың түрлі салаларындағықұрылымдық өзгерістер мазмұндалған. Сарапшылардың талдаулары келтірілген: көмірсутектер нарығындағы, ауыл шаруашылығындағы, құрылыс саласындағыахуал, халыққа көрсетілген қызметтер көлемі, тұтынушылық талап-тілектері сараланған.Мұнай бағасының Қазақстандағы өнеркәсіп өндірісіне әсері, Қазақстанның ЖІӨқалыптастыруға ауыл шаруашылығының қосқан үлесі, Құрылыс жұмыстары көлемінің өзгеру динамикасы, Халықтың қаржылай шығыстарының құрылымы келтірілген. «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының маңыздылығы аталған. Жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру жағдайында жүйелік реформаларға, Ұлт жоспары мен Бес институционалдық реформаға негізделген қуатты серпін қажеттігі аталып, экономикалық дамуға бағытталған стратегиялық мақсат нақтыланған.Қолайлы экономикалық жағдай қалыптасқан жағдайда Қазақстан дағдарысқа дейінгі деңгейге оралып, 2022 жылы қалыпты өсу траекториясына жететіні болжанған.Doing Business рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту үшін жүйелі жұмыстар жүргізілу мүмкіндігі қарастырылған.