ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ӨСІМДІК ӨСУІН БИОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕТКІШТЕРДІҢБАҚША ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ӨСІП-ДАМУ ҮРДІСТЕРІ, БИОХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ӨНІМ ҚАЛЫПТАСТЫРУЫНА ӘСЕРІ

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2021.2(109).759
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Берілген мақалада өсімдіктердің өсуін биологиялық үдеткішердің бақша дақылдарының өсіп даму үрдістері, өнім қалыптастыруы және биохимиялық құрамына әсері бойынша мәліметтер келтірілген. Қарбыз және қауын дақылдарын тұтынушылар аудиториясы аса кең. Оған бал өнімдерінің жеңіл және дәрумендерге бай биологиялық құрамы себеп. Еліміздің тұрғындары басым бөлігінің коронавирус пандемиясына шалдығуы салдарынан ағза имунитетінің төмендеуін ескерсек, құрамы түрлі дәрумендерге байытылған экологиялық таза өнімдерді тұтыну қажеттілігі артуда. Осыған орай, табиғи, сапалық көрсеткіштері жоғары бақша өндірісін қалыптастыру аса маңызды және өзекті болып табылады. Өкінішке орай, өндірушілер бақша дақылдарының пісіп-жетілу мерзімін тездету және жоғары өнім алу мақсатында, ғылыми негізсіз, химиялық тыңайтқыштарды шамадан тыс көп қолдануда. Нәтижесінде бақша өнімдеріндегі нитрат мөлшері шектеулі-рұқсат етілген көрсеткіштерден едәуір жоғары келіп, нитратпен ластанған бақша өнімдері адам ағзасына аса үлкен қауіп келтіруде. Туындаған мәселеден шығу үшін, бақша өндірісінде қолданылатын дәстүрлі агротехникалық элементтерді биологиялық бағытқа бұру қажет. Осыған орай, біздермен топырақ микроорганизмдері тіршілік әрекеті биологиялық үдеткіштерінің бақша дақылдарының өсу параметрлері мен өнімділік көрсеткіштеріне әсері зерттелді. Зерттеу нәтижесі бойынша биологиялық үдеткіштерді қолданухимиялық тыңайтқыштар мөлшерін 2 есе азайтып, қарбыз дақылының өнімділігін 33,88%-ға, ал қауын өнімділігін 27,30%-ға арттыратыны анықталды.Сондай-ақ, биологиялық үдеткіштермен бүркілген бақша өсімдіктері бақылау нұсқасымен салыстырғанда ірі келіп, өсімдіктегі байланған түйнектер саны көбейді. Қарбыз және қауын өнімдерін биохимиялық талдау құрғақ заттар, жалпы қанттылық және аскорбин қышқылының артқанын көрсетті.