ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ҚАРТАЮЫ: МӘСЕЛЕНІҢ ҚАЛПЫ

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2021.2(109).596
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Cоңғы онжылдықта адамзат болашағына әсер етуі мүмкін әлеуметтік-экономикалық фактор салдарынан ғаламшар халқының қартаюы біртіндеп өсіп, қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайын айқындайтын жаһандықпроблемаға айналуда. Денсаулық сақтау дүниежүзілік ұйымы (ДСДҰ) мен Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) дабыл қағуда, әртүрлі ел үкіметтері жаһандану әлемінің сын-қатерлерін ескере отырып экономиканы қайта құруға тырысып бағады, ал халықтың қартаюы қайтарымсыз жалғасуда. Елдердің әлеуметтік- экономикалық даму стратегиясы халықтың қартаю проблемасын ескере отырып құрылуы керек, оның күрделі әртүрлі қыры бар, мысалы, жаһандық демографиялық дағдарыс салдарынан туындаған өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына байланысты зейнеткер санының өсуі, еңбекке қабілетті азамат санының азаюы, егде жастағы адамдардың денсаулығы, олардың өмір сүру сапасы және басқалары. Зерттеліп отырған мәселенің өзектілігі сонымен қатар алдағы онжылдықтың (2021-2030 ж.ж.) ДСДҰ салауатты қартаю онжылдығы деп жариялануымен де байланысты, бұл халықтың қартаю проблемасының сөзсіздігін және маңыздылығын атап көрсетеді. Бұл шолу сипатындағы мақала ДСДҰ мен БҰҰ деректері, қазақстандық дерек көз статистикалық деректері негізінде жасалған. Мақаланың мақсаты – Қазақстан Республикасы халқының қартаю проблемасы жай-күйін анықтау.