ҒИМАРАТ ІШІНДЕ АДАМДАР ҚОЗҒАЛЫСЫН МОДЕЛЬДЕУДІҢ НЕГІЗГІ АМАЛДАРЫ

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2021-118-3-102-111
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын азайту мақсатында елде бағдарламалар мен үкіметтік қаулылар қабылданады. Төтенше жағдайлар министрліктерінің (ТЖМ) органдары ұйымдық нығайтылғанына, тиісті нормативтік-құқықтық базаны құрғанына, іс-қимылдарды халықаралық ұйымдармен келіскеніне қарамастан, ТЖ алдын алу мен жоюдың қолданыстағы мемлекеттік жүйесі жетілдіруді және жаңғыртуды қажет етеді.Ағында адамдардың жайғасуы әрқашан әркелкі болып, көбінесе, кездейсоқ сипатқа ие. Жүріп бара жатқан адамдардың арасындағы арақашықтық қашанда өзгеріп, таралатын кейін қайта құрылатын жергілікті тығыздалу пайда болады. Бұл өзгерістер уақыт жағынан тұрақсыз. Ағындағы адамдар қозғалысының жылдамдығын анықтайтын ең негізгі факторлардың бірі – адамдардың бұқаралық тығыздығы болып табылады. Мақалада төтенше жағдайда оқу орнынан адамдарды эвакуациялау қаралады. Бұл мәселені шешу үшін ғимарат ішіндегі адамдар ағындарының қозғалысының математикалық әдістері мен модельдері қолданылды.