ҚҰРҒАҚ СҮТҚЫШҚЫЛДЫ ӨНІМНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУ

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2021.2(109).605
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Талдау көрсеткендей, құрттың кез-келген түрін дайындау үш негізгі технологиялық процесті қамтиды: сүтті ұйыту (қоюландыру), сарысуды сүзу және өнімді кептіру. Сүтқышқылды сүзбе массасының матрицалық массасын дайындаудың жалпы технологиясы зерттелді және ол құрттың барлық түрлері мен формаларын өндіру үшін қолданылады. Теориялық және эксперименттік зерттеулер негізінде құрт ұлттық сүтқышқылды өнім негізінде жаңа құрғақ сүтқышқылды өнімінің технологиясын жасау кезінде дәнді дақылдар мен кальций қоспаларын қолдану мүмкіндігі негізделген. Дайын өнімнің органолептикалық, физика-химиялық, микробиологиялық құрамы зерттелді.Емдік-профилактикалық қасиеттері және бифидогендік факторлары бар өсімдік тектес толтырғыштарды пайдалана отырып, теңдестірілген құрамдағы мамандандырылған өнімдер өндірісі әр түрлі топтарға арналған дайын өнімнің ассортиментін толықтырады және бұндай ұзақ мерзімге салталатын өнімді өндіру өзекті болып табылады.