КӨЛІКТЕР ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРЫНЫҢ ТӨЗІМДІЛІГІНЕ ОНЫҢ ЦИЛИНДРЛІ-ПОРШЕНЬ ТОБЫ ТӨЗІМДІЛІГІНІҢ ӘСЕРІ

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2021-116-1-109-116
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада күштік қондырғы – қозғалтқышының тұрақты жұмыс атқару сенімділігі жұмыс істеу тәртібімен: жоғарғы қуатты дамытумен, иінді біліктің айналу жылдағымен, май мен салқындататын сұйықтың жұмыстық температурасымен сипатталатыны айтылған. Цилиндрлі-піспек тобының тозуының, цилиндр тобының нашар майлануы және қоршаған ортаның температурасы мен қысу тактысының соңындағы ауаның қысымы сол қозғалтқыштың қуатына қалай әсер ететіні дәйекті көрсетілген. Бұл жағдай қысу тактысының соңындағы ауаның қызу температурасының формуласы арқылы және зерттеу нәтижесі графикалық сызба арқылы түсіндірілген. Қозғалтқыштың төзімділігін қамтамасыз ету үшін алдын-ала оның қолдану баптарын іске қосу, қыздыру, пайдалану режимінде және тоқтату кезеңдерінде оңтайландыру қажет екендігін айта келе, қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі неғұрлым жоғары болуы керектігін көрсеткен. Кері болған жағдайда оның әсері қандай келеңсіз жағдайларға әкелетіндігі жақсы дәлелдемелермен айтылған. Көліктік техниканың қозғалтқышы тұрақты режимде және ауыспалы режим бойынша жұмыс істегенде қуат пен иінді біліктің айналу жиілігінің өзгеру қатынасы сызба түрінде дәйекті көрсетілген. Май цилиндрдің герметизациясына келтіретін әсері, оның цилиндрлер қабырғаларының тозуын төмендететіндігі айтылған. Қозғалтқышты іске қосар алдында үйкеліс беттеріне майдың жеткізілуін қамтамасыз еткен жағдайда іске қосу кезінде цилиндрлердің тозуы әлдеқайда кемитіндігі сызба графигі арқылы келтірілген. Сонымен бірге, қысу тактысының соңындағы ауаның қысымның өзгеруі, қозғалтқыштың иінді бөлігінің айналу жылдамдығына байланысты- іске қосу уақытының қалай өзгеретіндігі көрсетілген.