Discursive study of the peculiarities of the language of religion

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577//ejrs.2021.v27.i3.r4
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі кезеңде дін адамзат өмірінің барлық саласына дерлік кірігіп, қайта жандану кезеңінен өтіп, жаңғырып, жаңаша дамып жатыр. Міне сондықтан дін мәселелерін дискурсивті тұрғыда зерттей алу, яғни заманауи дискурс аясында дінге қатысты, дін тудырған мәселелерді талдау маңызды әрі өзекті зерттеу бағыты болып отыр. Бұл ұсынылып отырған зерттеу жұмысының мақсаты дін ұғымымен тығыз байланысқан, біте қайнасқан тіл ұғымының діни мәнмәтінде тіршілігі мен қолданысына сай ерекшеліктерін айқындау әрі сипаттау екенін ескерсек, зерттеудің негізгі бағыттары дінтанулық және лингвистикалық көзқарастарды қамтып, дін тілінің күнделікті қолданыстағы тілден өзгешеліктері оның діни тұжырымдарды толыққанды жеткізіп, сенушілер санасына ықпал ете алуына тікелей септігін тигізетіндігін көрсетуге бағытталады. Зерттеу жұмысының нәтижелері дискурсивті талдау жүргізудің ерекшеліктері мен жолдарын көрсетуімен және осы нәтижелерді қолдануға жол көрсете алуымен маңызды. Зерттеу жүргізу барысында жалпы және жеке ғылыми әдістердің көптүрлілігі пайдаланылды. Дін тілінің өзіне тән ерекшеліктері айқындалып, олардың мәні мен қолданысы жайлы тұжырымдар талданып, дін тілінің жалпы және барынша толыққанды бейнесі қалыптастырылды. Дін тілінің жалпы сипаттамасын, мүмкіндіктерін білу көптеген діни мәселелердің шешімін тауып, алдын алуға өз септігін тигізеді. Кілт сөздер: тіл, дін тілі, таңба, рәміз, лингвистика, діни философия.