МАҚТА ДАҚЫЛЫН ЗИЯНКЕСТЕРДЕН БИОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2021.2(109).590
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақтаның өнімділігін, сапасын жоғарылатудың маңызды шаралардың бірі – оны мақта зиянкестерінен тиімді қорғау болып табылады. Қазіргі кезде қолайсыз ауа райы жағдайы, арамшөптер мен аурулар, сонымен қатар көптеген сорғыш және кеміргіш зиянкестер, әсіресе мақта көбелегі (Helicoverpa armigera Hubn.) зиянкесі дақылдың өнімділігіне айтарлықтай кері әсерін тигізуде. Сонымен қатар, химиялық препараттарды қолданудан зиянкестермен бірге олардың табиғи энтомофагтарының жойылуынан, зиянкестің келесі кезектегі ұрпағының саны күрт артуы байқалуда, бұл, өз кезегінде, химиялық қорғау шараларын бірнеше рет жүргізуге әкеледі. Бұл жағдайда зияндылығы жағынанкейінгі дәрежелі зиянкестер табиғи жауының жойылуынан негізгі зиянкеске айналуда. Қазіргі уақытта мақта алқаптарында өсімдікті қорғаудың химиялықәдісінен бөлек, ішінара биологиялық әдіс те кең ауқымда қолданыла бастады. Оның тиімділігі көптеген факторға байланысты. Энтомофагтарды өсіру бойынша жұмыстардың алдағы бағытын анықтау үшін биоәдіс тиімділігінің мөлшерін анықтау қажет [1].