Аңдатпа
Логистика ғылым ретінде – өнеркәсіптегі барлық бизнес үрдістерін, қарастыру, қадағалау, жетілдіру, басшылық етуді көздеу барысында шығындарын қарау арқылы көздеген мақсатқа жету болып табылады. Логистикаға қатысты шығындарды азайту немесе оңтайландыру арқылы яғни бүкіл кәсіпкерлердің салынатын компаниясының пайдасына негізгі әсер ететін шығындарды алдынала қарастыру. Осыған орай компаниядағы, кәсіпорындардағы логистика жасырын пайдаланылмаған ресурстың рөлін алады, ал бұл осы бизнесті көтеру үшін жоғарғы бәсекелестік артықшылық береді. Қазіргі таңда тапсырушыға қызмет көрсету сапасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын клиентке тапсырысты қандайда бір материалды, тауарларды жеткізу, кәсіпорындардың немесе фирмалардағы логистиканың ажырамас бөлігі болып табылады. Тауарды тапсырушының тек минималды баға ғана қызықтыратын уақыты өтті, осыған байланысты бағаны басқарудың барлық тізбегі коммерциялық бөлімнің сатушысында боп тұр. Қазіргі заман ағымына байланысты кез-келген сауда компаниясының негізі сатушы-элитасы боп тұр, ол үшін ол өз компаниясынан көптеген бонустар мен арасында кірісетін компаниялардан жақсы бонустар алып отырады. Ал тауардың бағалары қазіргі кезде теңестіріліп, клиент ең алдымен өнімнің сапасы мен оған сервистік қызмет көрсету сапасына қызығушылық танытып отыр. Жоғарғы сападағы қызмет нарықтағы бәсекелестік күресте бірінші орында деп айтуға болады.