Aspects of using the "omission" technique in translating Arabic texts into Kazakh "

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jos.2021.v98.i3.02
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

АРАБ МӘТІНДЕРІН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДАҒЫ «АЛЫП ТАСТАУ» ТӘСІЛІН ҚОЛДАНУ АСПЕКТІЛЕРІАударматану ғылымында түпнұсқа мәтінді тәржімеде барынша сәйкестендіру нәтижесіне жету үшін төрт трансформациялық түрі негізделген.Солардың ішінде «алып тастау» тәсілі аудармашының жоғары біліктілігін қажетсінеді.Аударма интерпретациялық, шығармашылық үдеріс болғандықтан, оның сапасын және аудармашы біліктілігін өлшеу межелерін нақты көрсету мүмкін емес.Сонымен қатар «алып тастау» тәсілінің қолданыс аспектілері әр тілдің өз ерекшеліктерімен айқындалады.Осыған орай, араб мәтінін қазақ тіліне тәржімелеуде «алып тастау» тәсілінің екі аспектісіне тоқталамыз: грамматикалық және лексикалық.Мақалада араб және қазақ грамматикалық сәйкессіздіктер қарастырыла келе, оларға қатысты «алып тастау» тәсілінің қолданысы талданады.Бұл талдау барысында бір тілдегі категорияның екінші тілде кездеспейтінін басшылыққа алып, «алып тастау» тәсілін автоматты түрде еш қолдануға болмайтынын және кейде тілдердегі грамматикалық категориялардың сәйкес келетініне қарамастан, контекст пен дискурсқа байланысты бұл тәсілдің қолданылатын жағдайлары анықталады.