Аңдатпа
Бұл мақалада Батыс Қазақстан облысындағы полигонға іргелес жатқан аудандар халқының демографиялық сипаттамаларын салыстырып талдау жасағанда, халық денсаулығындағы жекелеген өзгерістердің кең таралғаны анықталды. Батыс өңірі полигонынан техногендік ластанудың әсерінен халықтың денсаулық жағдайының өзгеруін бағалау. Халықтың денсаулығы туралы ақпарат көздері облыстық электрондық денсаулық сақтау орталықтарынан (РЭДО), Денсаулық сақтау басқармаларынан, Батыс Қазақстан облысының зерттелген өңірлерінің Статистика департаменттерінен алынған деректер болды. Батыс Қазақстан облысының полигонға жақын ауданының тұрғындарына демографиялық сипаттамасына салыстырмалы талдау, «Капустин Яр», "Азғыр" полигондарына іргелес жатқан аудан халқының денсаулығындағы жекелеген өзгерістердің көп таралуын анықтады.