«ЖАЗУ ТІЛІ» - ТАРИХҚА ДЕЙІНГІ АДАМЗАТ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУГЕ СЕРПІН

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.21563/sutad.986645
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

1975 жылы Алматы қаласында жарыққа шыққан ақын, ғалым және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабы ресейлік және советтік тарих ғылымында ғасырлар бойы қалыптасқан стереотиптерге қарсы бағытталып, ресми кеңестік ғылым жетекшілері оны пантүркішілдігі үшін кінәлаған еді. Осы кітаптың жалғасы іспеттес автордың «Жазу тілі» («Язык письма») кітабы 1998-жылы Қазақстан егемендік алған жаңа тарихи және саяси жағдайларда жарыққа шықты. О.Сүлейменов бұл еңбегінде өзінің тарихқа деген соны концепциясын аяқтайды, әлемдік тарих пен тілтану ғылымында қалыптасқан «үндіеуропеистиканың» негізгі қағидаларына қарсы шығады. Мақалада О.Сүлейменовтің тілдің түп-төркінін ашуға бағытталған «ядролық лингвистикасы» мен үндіеуропеистиканың негізін құрайтын Фердинанд де Соссюрдің тілтанудағы тұжырымдамалары салыстырыла қарастырылады. Автордың тарихқа дейінгі адамзат қоғамын зерттеудің кейбір аспектілеріне қатысты пікірлері де фундаментальдық сипатта. Сондай-ақ, адамзаттың алғашқы тасқа қашалған жазуларындағы таңбалар әлемін түсіндіруі де сонылығымен көзге түседі. Айталық, О.Сүлейменовтің неандерталь адамдары мен Homo sapiens – саналы адамдарының алғашқы діни түсініктеріне қатысты пікірлері қазіргі зерттеушілердің назарын аударуға тиіс. Зерттеуші неандерталь адамдар Айға табынушылар еді, ал саналы адамдар Күнге табынушылар болғанын жеткізеді. Олардың арасындағы қантөгіс қақтығыстар жаңа заманғы діни соғыстардан кем болған жоқ дей отырып, неандерталь адамдарының тарихи сахнадан кетуінің себептерінің кейбір аспектілерін қарастыруы назар аударады. Орасан зор тарихқа дейінгі материалдарды ой елегінен өткізе отырып, автор алғашқы географиялық ашулардың тарихқа дейінгі бағыттарына қатысты ғылыми негізді болжам айтады. «Шығыс-Батыс» дихотомиясының өркениет дәуіріндегі даму сатысында емес, тарихқа дейінгі қоғамда пайда болғанын дәлелдейді.