КӘСІПОРЫННЫҢ МҮЛІКТІК КЕШЕНДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ (WAYS OF MODERNIZATION AND DEVELOPMENT OF ENTERPRISE PROPERTY COMPLEXES)

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2021.v61.i2.06
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ең алдымен стратегиялық инвестициялық жобалар қаржыландыру көздерінің құрамын, сонымен қатар анықтайтын қаржылық қолдауды қамтиды. Себебі мүліктік қатынас бойынша қаржыландыру көздерінің негізгі бөлігі жүретіні бәрімізге белгілі. Қаржыландыру көздеріне меншікке жататын қаржылар, берешек қаржылар және тартылған қаражаттар жатады. Инвестициялық қоржын меншікті бағдарламасы болып табылатын трансформациялаудың едәуір бөлігі. Іріктелген салымдық жобалардың жиынтығын осы мекемеде жүзеге асыруға негізделеді. Әрі қарай оңтайлы инвестициялық қоржынның түсінігін қарастыруға болады. Жалпы оңтайлы инвестициялық қоржын деп инвестициялық жобалардың жиынтығын айтуға болады. Ол инвестициядан пайданы қамтамасыз ететін тиімді құрал. Мүліктік қайта құрылымдау жүзеге асырылады инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы. Олардың әрқайсысы белгілі бір инвестиция көлемімен сипатталады. Инвестициялар дегеніміз - жобаларды жүзеге асыруға салынған қаражат және басқа да капитал. Мақаланы жазу барысында операциялық мүліктік кешендердің құрылымдық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістері бойынша шаралар кешенін және инвестициялық жобаларды іске асырудың ұзақ мерзімді жоспарын ұсынатын мүліктік қайта құрылымдау бағдарламасы ұсынылды. Мекеменің экономикалық өсу стратегиясына сәйкестелетін және жаңа сапалы жағдайға әкелетін операциялық мүліктік кешенді (ОМК) өзгерту жөніндегі мақсатты үдерістерменшікті трансформациялау болып табылады.