Өнердің егде жастағы адамдардың қартаю құбылысына бейімделуіне әсері

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47940/cajas.v6i2.420
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Өнердің жас ұрпақты тәрбиелеуге әсері тек өнертану ғылыми тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге гуманитарлық ғылымдар тұрғысынан да қарастырылады, өйткені адам осы өнердің жаратушысы. Оның гүлденуі мен дамуы қоғамның білімділігіне және ең бастысы жоғары мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, халықтың көркем мәдениеті және осы шығармалар негізінде немесе солардың әсерімен түсірілген кинемотографияның шедеврлері – елдің болашағын тәрбиелеудің қуатты құралы. Егде жастағы адамдар қоғамның белсенді тобы ретінде өмірлік тәжірибесінің арқасында қоғам эволюциясы үшін не қажет екенін жетік түсінеді. Сапалы зерттеу жүргізу мақсатында геронтология, әлеуметтік бейімделу және өнертану мәселелері бойынша ғылыми мақалалар іріктеліп, талданды. Мақалада ұсынылған мысалдар қазіргі заманғы көркем әдебиет пен киноматографияның келбетін ашады және бұл аға буын өкілдеріне деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді. Жас ұрпақтың даналыққа, білімге, рухани мәдениетке құрметпен қарауы мемлекеттің өркендеуінің негізі болып табылады. Мемлекет – оның халқы, тілі, дәстүрлері. Ұлттың мәдени кодын жаңғырту және сақтау кез келген посткеңестік мемлекеттің негізгі басымдығы. Сыншылар мен сарапшылар жоғары бағалаған кейбір шығармаларды талдау осы шығармалармен танысқан жастардың көзқарастары мен сенімдеріне әсер еткен оң мысалдар ретінде негізге алынды. Көркем әдебиет пен киноматография призмасы арқылы тәрбиелеу үдерісінің тиімділігі отандық және шетелдік ғалымдар еңбектерінде атап өтілді. Олардың қарт адамдардың кәрілікке бейімделудегі және жас ұрпақмен қарым-қатынас орнату қиыншылықтарын анықтауға қосқан үлесі өнердің қоғаммен байланысын зерттейтін әлеуметтанушылар мен өнертанушылардың барлық зерттеулерінің негізі болып табылады. Көптен күткен Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың біртұтас Тәуелсіз мемлекет туралы арманын орындауға апарар жол. Оның болашақ тағдыры жас ұрпақтың қолында, ол осы туды биік ұстап, оны мүлдем жаңа әлемде мақтанышпен алып жүреді. Ата-бабалар дәстүрін құрметтейтін, қоғамның қарт мүшелеріне құрметпен қарайтын, елдің материалдық және рухани мәдениетімен таныс және оны мемлекеттіліктің негізі деп санайтын жастарға елдің болашағын сеніп тапсыру басымдыққа айналуы керек.