КҮРІШ ҚАЛДЫҒЫМЕН МҰНАЙ ШЛАМЫН БІРГЕ ӨҢДЕУДЕ БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ КРАХМАЛ НЕГІЗІНДЕ БРИКЕТТЕЛГЕН БЕЛСЕНДІРІЛГЕН КӨМІР АЛУ

2021

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32014/2021.2518-1491.42
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада брикеттелген белсендірілген көмір алу үшін күріш қалдығымен мұнай қалдығына байланыстырушы крахмалдың әсері зерттелді. Күріш қалдығы (қауызы және сабаны) мен мұнай шламын бірге өңдеу арқылы брикеттелген белсендірілген көмір алу үшін байланыстырушы крахмал қосылды. Брикетті карбонизациялау және белсендіру кварцты шыныдан жасалған түтікте ұзындығы 300 мм және диаметрі 60 мм, қыздыру бөлімінің ұзындығы 200 мм болатын BR-12 NFT сериялы жоғары температуралы вакуумдық түтікті пеште жүргізілді. Пешке күріш қалдығы (қауызы мен сабаны), мұнай шламы және крахмалды қосу арқылы алынған брикет орналастырылды. Карбонизация 500ºС температурада, белсендіру 850ºС температурада 2:1 қатынаста су буымен жүргізілді. Күріш қалдығы мен мұнай шламына крахмал байланыстырушысын қосу қатынастарының өнім қасиетіне әсері зерттелді. Брикетті алудың оңтайлы қатынасы күріш қауызы: мұнай шламы: крахмалдың = 9:1:2 (салмақтары бойынша) қатынасы болып табылды. Брикеттелген белсендірілген көмірдің йод бойынша адсорбциялық белсенділігі, су бойынша жалпы кеуектер көлемі, ылғалдың массалық үлесі, метилен көгі бойынша адсорбциялық белсенділігі және үйінділік тығыздығы тәрізді көрсеткіштер зерттелді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша брикеттелген белсендірілген көмірдің құрамындағы крахмал мөлшері артқан сайын оның собрциялық қасиетінің жоғарылайтыны байқалды. Күріш қауызынан алынған брикеттелген белсендірілген көмірге жоғары сорбциялық қасиеттер тән. Тәжірибелік зерттеулер нәтижесі бойынша 9:1:2 қатынастағы күріш қауызы мен мұнай шламына крахмал қосу арқылы алынған брикеттелген белсендірілген көмір БАУ-МФ маркасына сәйкес келеді.