USE OF COMPUTER TECHNOLOGIES IN THE STUDY OF PHYSICS

2020

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2020-4.1728-7901.23
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада физиканы оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолдану мәселесі қарастырылған. Оқушылардың АКТ қолдануы бойынша жұмыстарының әдістері мен тәсілдері, оқушылардың ақпараттарды өзбетінше іздеу және өңдеу құзіреттіліктерін қалыптастыру мәселесі берілген. Сондай-ақ, физика сабақтарында компьютерлік технологияны қолдануға мүмкіндік беретін негізгі міндеттер көрсетілген. Сонымен бірге, компьютерлік технологияны қолдануға мүмкіндік беретін негізгі міндеттерді шешудің әдістері көрсетілген. Көрсетілген әдістерді мектепте физика пәнін оқытуда қолдануға болады. Компьютерлік технологияларды сабақта қолдану қазіргі заманның талап-тілегіне, мақсаты мен міндетіне сай мәселе. Қазіргі заман ағымына қарай сабақта компьютерлік технологияларды қолдану арқылы мұғалім оқушылардың өзбеттерінше жұмыс істеу қабілеттерін, қиялы мен шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға болады.