Аңдатпа
Бұл мақалада ауызша сөйлеу актісінің қоғамдамуындағы, жеке тұлғаның танылуындағы маңызды әрекет екендігі сөз болады. Ауызша сөйлеу өнері көпшіліктің алдында орындалатын болғандықтан, оған қойылатын талаптарда жоғары. Шешен сөйлеуге тән анық ойлау, дұрыс пайымдау, ойын ұтымды негіздеу сияқты шарттар–қатынас теориясының басты белгілері. Сондықтан оның ұжымдық сипаты бар, мақсат бірлігі арқылы топтасқан іс-әрекеттер жиынтығы екендігі үнемі басты назарда болу керек.Осы зерттеудесөйлеу өнерінің шешеннің әлеуметтік МЕН-ін, интеллектуалдық МЕН-ін, психологиялықМЕН-ін және тағы басқа қабылдаушының тұлғасын құрайтын әр түрлі бірліктерді бағдарға алатындығы айтылады.