ЭЛЕКТРЛІК СИГНАЛДАРДЫ САНДЫҚ ӘДІСТЕР КӨМЕГІМЕН СПЕКТРЛІК ТАЛДАУ

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2021.1(108).161
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада электрлік сигналдарды спектрлік талдау нәтижелері баяндалған. Спектрлік талдау сандық әдістер көмегімен іске асқан. Тікбұрышты импульстардың периодты тізбегі (ТИПТ) Mathcad қолданбалы программалар пакеті көмегімен зерттелген. Сигналдарды спектрлік талдау арқылы амплитудалық және фазалық диаграммалар алынған. Электрлік импульстардың спектрлік тығыздықтарын сандық әдістермен есептеу жолдары анықталған. Гармониялық электрлік сигналдардың графикалық суреттемесі және Фурье қатарына жіктелуі берілген. Электрлік сигналдардың спектрін салу кезіндегі ерекшеліктер жан-жақты зерделенді. Сигналдарды желі бойымен тасымалдау кезінде олардың параметрлерінің өзгеріске ұшарау құбылысы ашылды. Амплитудалардың спектрлік диаграммасы және оның амплитудалары мен жиіліктері арқылы сипатталатын сигналды құраушылар зерттелді. Фазалардың спектрлікдиаграммасындағы фазалар мен жиіліктер арқылы сипатталатын сигналды құраушылар сандық әдістер және графиктер көмегімен қарастырылды.