Аңдатпа
"Әлем әдебиетінде «от», «су», «жарық» ұғымдарының алатын орны ерекше. Қай әдебиетті алып қарастырмасақ та, осы ұғымдарға ерекше көңіл бөлген. Осы ұғымдардың шығу тарихы туралы Інжіл мен Құранда, көне аңыздарда кездеседі. Мақалада қазақтың ақыны, ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы «от», «су», «жарық» ұғымдарына тоқталамыз. «Жер мен көк» дастанында осы ұғымдарға ерекше тоқталған. Әлем әдебиетіндегі мол мұраның қазақ әдебиетінде, оның ішінде ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларында «от», «су», «жарық» ұғымдарына тоқталып, оның бастау көздерін неғұрлым кең тараған аңыздық үлгілерден, Құран мен Інжілден іздеу. Мақалада, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларында «от», «су», «жарық» ұғымдарының көрінісі сипатталады. "