Аңдатпа
Мақалада қашықтан білім берудің өзекті əдісі ретінде жаппай ашық онлайн курстардың ерекшеліктері – əлемдік білім беру тəжірибесіндегі оның орны жəне Open Edx платформасын қолданып, жүзеге асыру жолдары қарастырылады. Осы процеске байланысты технологиялық жəне əдістемелік мəселелер талданады. Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану кезіндегі пайдаланушыларға арналған біліктілікті арттыру істерінің алатын орны, маңыздылығы туралы айтылып, оларды онлайн түрінде қолдану істері талданған. Қазіргі кездегі желі мəліметтері ішінде программалау бойынша ақпараттардың өте көп екендігі белгілі, сондықтан жаппай ашық онлайн-курсын ұйымдастыруды оқу-əдістемелік материалдарымен қамтамасыз ету, оқу материалының мақсаты мен міндеттерін анықтау, оның тыңдаушыларының əртүрлі ерекшеліктері болатындығын ескеріп отыру жəне осыларды техникалық қамтамасыз етілу жолдарына басты назар аударылған. Ақпараттық технологиялар негізінде программаларды құрастыру үшін алгоритмдер түрлерін талдау арқылы білім негізін қалыптастыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін, авторлар əзірлеген ашық онлайн курсты жасау кезеңдері мен ерекшеліктері сипатталады.