БОЛАШАҚ ДЕФЕКТОЛОГТАРДЫҢ БИЛИНГВИЗМ ЖАҒДАЙЫНДА ТІЛДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ: ЖЕКЕ ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ ҚҰЗЫРЕТІ

2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.47649/vau.2021.v60.i1.03
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада билингвизм жағдайында болашақ дефектологтардың тілдік құзыреттілігінің құрамдас бөліктерін дамыту мәселелері қарастырылады. Зерттелетін тақырып бойынша ғылыми әдебиеттерге аналитикалық шолу жасалды. Мақалада рухани-адамгершілік және интеллектуалдық өзін-өзі дамыту, болашақ маманның кәсіби және мансаптық өсу тәсілдерін игеруге бағытталған жеке өзін-өзі жетілдіру құзыретін дамыту мәселесі қарастырылады. Болашақ дефектолог өзі осы құзыретті дамыту объектісімен ерекшеленеді. Аталған құзіретті дамыту барысында студент қажетті жеке қасиеттерді дамытудағы өз мүдделері үшін қызмет тәсілдерін игереді. Болашақ дефектологтардың құзыретіне оның дамуы мен болашақта кәсіби жетілдіруде өз бетінше жұмыс жасау мүмкіндігі кіреді. Ғылыми әдебиеттерді талдау көрсеткендей, студенттің өзіне, оның әрекет нәтижелеріне сыни көзқарасы үнемі жеке және кәсіби өзін-өзі жетілдіруге ынталандырады. Арнайы білім берудің көптеген ұлы ғалымдары өздерін талантты деп санамады, ал олардың жетістіктері еңбекқорлыққа байланысты және олардың ғылымдағы жетістіктері үлкен жұмысқа жатқызылды. Мақалада кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу және жеке өзін-өзі жетілдіру бойынша жеке іс-әрекет өзін-өзі танудан, өзінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін түсінуден, өзіне қанағаттанбаудан, іс-әрекетін бағалаудан, психикалық жағдайын талдаудан басталатындығы туралы ойлар білдірілген.