Іле өзенінің жоғарғы ағысында сирек кездесетін, эндемдік Rosa iliensisChrshan. популяциясының өсімдіктер жабынының геоботаникалық сипаттамасы

2021

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2021bmg1/74-81
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Іле өзенінің жоғарғы ағысында сирек кездесетін, эндемдік Rosa iliensis Chrshan. популяциясының өсімдіктер жабынының геоботаникалық сипаттамасы берілген. Сонымен қатар осы популяциядағы үш ценопопуляцияның ассоциациясы мен өсімдіктер жабынының пайыздықкөрсеткіштері, ярустардың өсімдіктер жамылғысы сипатталған. Əр ценопопуляция шегінде 10×10 өлшемді трансекта салынып, ондағы өсімдіктер жабынының жастық құрылымы анықталды. Ілеөзенінің жоғарғы ағысында Rosa iliensis Chrshan. өсімдігінің тіршілік жағдайы қанағаттанарлық депайтуға болады. Себебі, мұнда Rosa iliensis Chrshan. жыл сайын гүлдеп, жеміс береді. Дегенмен, популяциялар шегінде бұл өсімдіктің бірде-бір жас өскіндерін табу мүмкін болмады. Бұл Rosa iliensisChrshan. өсімдігінің табиғи жағдайда тұқым арқылы сирек көбейіп, жаңаруының негізінен вегетативті жолмен, атпа тамырлары арқылы жүретіндігін көрсетеді. Іле өзенінің жоғарғы ағысынан табылғанэндемдік түр Rosa iliensis Chrshan. популяциясын геоботаникалық тұрғыдан зерттеудің нəтижесінде, оның шын мəнінде сирек кездесетін, жойылу қаупі төніп тұрған өсімдік екендігіне көз жеткіздік. Осыны ескере отырып, авторлар Rosa iliensis Chrshan. өсімдігінің популяциялары кездесетін Іле өзенінің жоғарғы ағысында үнемі мониторинг жұмыстарын жүргізуді жəне осылайша популяцияның жағдайын бақылауда ұстауды ұсынған. Сонымен қатар авторлар Rosa iliensis Chrshan. өсімдігін топырақ-климаттық жағдайлары оның таралу ареалымен толық сəйкес келетін Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бағына жəне Алматы облысының Балқаш ауданындағы Іле эксперименттік ботаникалық бағына интродукцияға енгізуді ұсынған.