Украиндық тұқы балықтарының уылдырықтарын жасанды жолмен алу, ұрықтандыру жəне инкубациялау нəтижелері

2020

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2020bmg4/72-78
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада жасанды ортадағы тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғылары (ТЖСҚЕҚ) жағдайында өсірілген украиндық тұқы балықтарының жасанды көбею нəтижелері келтірілген. Оңтайлы температура мен оттегі режимін, сумен жабдықтау циклі бар қондырғылар жағдайында азықтандыру нормаларын құру есебінен балықтардың жыныстық жетілу мерзімі қысқарады. Зерттеуге ТЖСҚЕҚ жағдайында өсірілген жəне жыныстық жетілуге жеткен украиндық тұқы балықтары алынды. Жыныс өнімдері уылдырық пен шоғалды— алу зертханалық жағдайда стерильді ыдыстар мен зертханалық құралдарды пайдалана отырып жүргізілді. Жыныстық өнімдерді алу кезінде уылдырық пен ұрықтың сапасы балдық шкала бойынша анықталды. Уылдырықты ұрықтандыру үшін тікелей сапасы 4 жəне 5 балға сəйкес келетін украиндық тұқы балықтарының ұрықтары қолданылды. Кейін ұрықтандырылған уылдырық«Вейс» аппаратының колбаларында майсыз сүт пен барботаждыңкөмегімен шылымсыздандырылды. «Вейс» аппаратының колбаларында тұқы тұқымдас балықтары-ның ұрықтандырылған уылдырықтарын инкубациялау кезіндегі негізгі көрсеткіштер зерттелді. Инкубациялау кезіндегі уылдырықтардың даму ұзақтығына əсер ететін жекеленген температураларсарапталып сараланды. Мақалада инкубациялық жұмыстары үшін ең қолайлы параметрлер зерттеліп, температура20–22 ºС тең келіп, ал оттегі мөлшері тұрақты түрде6–8 мг/л болса инкубациялықжұмыстардың нəтижесі зертханалық жағдайда сəтті өтетіні анықталды. Осы критерийлерді сақтайотырып жұмыстану кезінде украиндық тұқы балығы уылдырықтарының ұрықтану пайызы75–80 % құрады. Бір аналықтан алынған үш тəуліктік дернəсілдердің шығымы100–250 мың дана.