Жаза мақсаты ретінде әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің бас бостандығынан айыру жазасына қатысты қолданылуы

Journal of actual problems of jurisprudence, 2021

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj.2020.v96.i4.010
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қылмыстық құқық теориясында мемлекеттің мәжбүрлі күшімен жүзеге асырылатын әлеуметтік нормаларға қашанда ерекше көңіл бөлінген. Жаза мақсатының мәселелерінің қолжетімділігі және нақты екендігіне қарамастан, қылмыстық заңнамада реттелуі мәселенің бүгінгі күнге дейін шешілмеген тұстарының бар екендігі, оны нақтылау мен қайта қарауды талап етіп отырғандығы туралы мақалада баяндалып отыр. Қылмыстық жазаның мақсаты ретінде әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру қылмыстық заңнаманың маңызды принциптерінің бірі – әділдік принципінен туындайтындықтан, автор жазаның әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру түріне тоқталып, бірнеше пікірлер мен тәжірибелік мәліметтерге сүйене отырып, Қазақстан Республикасы мен басқа да елдердің қылмыстық құқық теориясында жаза және оның мақсаттары маңызды орын алатындығын басты назарға алып, жаза мақсатының бірі ретінде әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің бас бостандығынан айыру жазасына қатысты қолданылуын жан-жақты талдай отырып қарастырған. Оларға туындаған назар қылмысқа қарсы күрестің құқықтық шаралары жүйесіндегі қылмыстық жазаның ерекше орнымен түсіндіріледі. Жазаның маңызды аспектісі болып, қылмыстық жаза мақсатын дұрыс түсіну мен тұжырымдау болып табылатындығын алға тартады. Жаза мақсатын құру барысында қылмыстылықпен күрес процесін, қоғамның жағымсыз бөлшегі ретінде тек қылмыстылыққа әсер ету арқылы ғана емес, сондай-ақ осы қылмыстылықты туғызатын жағдайларды да қарастыру дұрыс болатындығын атап өтеді. Түйін сөздер: қылмыстық құқық, қылмыс, жаза, жаза мақсаты, бас бостандығынан айыру, әлеуметтік әділеттілік.