Аңдатпа
Мақалада бруцеллалардың сыртқы мембранасының рекомбинанттыпротеиндерінің (Omp19, Omp 25, Omp 31) рBР26 периплазматикалықпротеиндері мен супероксиддисмутазаның (SOD) антигенділігі вакцина егілгенторпақтардың қан сарысуларын қолдана отыра иммунды ферменттік талдаудың«жанама» қойылымында (ж-ИФТ) зерттелген. Зерттеу барысында роз-бенгалсынамасымен (РБС) салыстырғанда, рекомбинантты протеиндердібруцеллалардың антигені ретінде қолдану ИФТ-дың сезімталдығын, телімділігімен дәлдігін айтарлықтай арттыра түсетіндігі айқындалды. B. abortus 19штаммының толық дозасымен иммунделген жануарлардың көпшілігінің (69%-94%) организмінде, иммунделген күнінен бастап кем дегенде 6 айға дейін(бақылау уақыты) поствакциналды антиденелердің болатындығы дәлелденген.ИФТ «жанама» қойылымында серопозитивті қан сарысуларының кейжағдайларда бірден барлық қолданылған протеиндермен әрекеттесеалмайтындығы белгілі болды. Бұл бақылаулар торпақтардың қан сарысуынзерттеу кезінде бірыңғай антиген ретінде Omp19+Omp25 құрамасын сынауғанегіз болды. Нәтижесінде, бруцелланың ең негізгі екі сыртқы мембранасыныңпротеиндерінен құралған антиген ИФТ-нің сезімталдығын айтарлықтайжоғарылатты. Демек, иммунды талдауға арналған антиген бруцеллалардыңбірнеше рекомбинантты протеиндердің құрамасынан тұру қажет екендігіайқындалды.