Аңдатпа
Мақалада қазақ журналистері Көлбай Төгісов пен Назипа Құлжанованың ХХ ғасырдың басындағы публицистік шығармашылығы қарастырылады. Егер публицистердің алғашқы кезеңдегі және Қазан төңкерісі жылдарындағы көсемсөздері («Алаш» газетіндегі қызметі, «ыстық нүктелерден» жазған репортаждары) шама-шарқынша жан-жақты зерттелген болса, кейінгі жылдардағы публицистикалары «ақтаңдақ» күйінде қалып қойды. Оның үстіне публицистердің 1912-1915 жылдардағы қарама-қайшылыққа толы қызметі түрлі кедергілерге тап болды. Мақалада, міне, қазақ публицистерінің осы бір кезеңдегі қызметіне баса назар аударылады.